1 Октября-день пожилых людей
1 октябрь - Қарттар күні"Қарты бар ел - қазыналы ел" демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту - ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Қарттарын қадірлеген қазақ халқы үшін де күнтізбедегі 1 октябрь - Қарттар күні деп белгіленген. Осы орайда талай жасты тәрбиелеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген қарияларымызды аталмыш төл мерекесімен құттықтаймыз.